
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Өтетін күні мен уақыты: 2016 жылғы 24 тамыз
Басталуы: сағат 10.00де
Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы
Қазақ мемлекеттік академиялық
опера және балет театры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 401 бұйрығына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарында оқу жылының басталуына байланысты «Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбында Алматы қаласының білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі (бұдан әрі – Тамыз кеңесі) өткізіледі.
Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Алматы қаласының әкімі, қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері басшылары, қалалық мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің басшылары, аудан әкімдері, білім басқармасы және аудандық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының педагогтері, жоғары оқу орындарының ректорлары, білім беру ұйымдарының педагог ардагерлері қатысады.
Іс-шараға қатысушылар назарына көрме ұйымдастырылады, содан кейін «Білімді ел – мәңгілік ел» атты документалдық фильм көрсетіледі.
Фильмнен кейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Р.С. Шимашева «Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбында баяндама жасайды.
Бұдан әрі «Балажан» жекеменшік балабақшасының, № 71МЛ директорлары, «Ustudy» тестілеу орталығының Бас директоры сөз сөйлейді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев сөз сөйлеп, марапаттаулар тапсырады, білім саласының ардагерлерін құттықтайды.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек құттықтау сөз сөйлеп, «Үздік жалпы орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазына сертификат және Алматы қаласы мектептерінің үздік педагогикалық ұжымына сыйақы сертификатын табыстайды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталады.