2017 жылғы 1 маусымнан Алматы қаласының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа балаларды электронды тіркеу жүйесі жұмыс істейтін болады.
Бұл жүйе 2015 жылы енгізілген болатын. Жүйе іске қосылғаннан кейін балаларын 1-сыныпқа беретін ата-аналар оларды онлайн режимінде оқу орнына тіркей алады. Электронды тіркеу жүйесінің артықшылығы бірінші сыныпқа баратын баланы өзінің тұрғылықты мекен-жайына қарасты шағын учаскеге ғана тіркеп қоймай, сондай-ақ өзі қалаған кез келген мемлекеттік мектепке бос орын болатын жағдайда тіркеуіне болатындығында. Мектептерде бос орынның бар-жоғы туралы ақпарат сайтта көрсетілген.
Балаларды 1-сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызға дейін сағат 8:00-ден http://mektepalmaty.kz сайтында жүргізілетін болады.
Қызмет тегін көрсетіледі.
2017 жылдың 30 мамырында сағат 16:00-де Алматы қаласының Оқушылар сарайында (142 каб.) мектепке электронды тіркеу жүйесінің www.mektepalmaty.kz. таныстырылымы өткізіледі. Таныстырылым барысында білім беру саласының өзге де мәселелері қарастырылатын болады.