Жақында “Эйр Астана” әуе компаниясы Алматы қаласында оқушылар мен студенттер арасында өткен IV ғылыми-техникалық шығармашылық пен робототехника чемпионатының қатысушыларын өзінің бас кеңсесіне шақырды. Жас өнертапқыштар өздері құрастырған роботокоптерлерді “Эйр Астана” әуе компаниясының инженерлері, ұшқыштары мен бағдарламашыларына көрсетті. Ал,“Эйр Астана” әуе компаниясының мамандары балаларға авиация жөнінде айтып берді. Кездесу барысында қатысушылар игерілген теориялық білімін тәжірибе жүзінде де іске асырды! Қазір жас ғалымдар әуе симуляторында ұшып көрсе, болашақта олар заманауи әуе кемелерді әуеге ұшыратынына сенеміз!