Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 2017 жылғы қараша айының 7-10 күндері аралығында Теміртау қаласында 11-ші сынып оқушылары арасында Х Президенттік олимпиада өтті. Оған Алматы қаласынан 17 оқушы қатысты.
Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы тапсырмаларды 4 пәннен орындады (математика, физика, химия және биология).
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 17 оқушының 8-і жүлдегер атанды:
- I орын – 3 оқушы;
- II орын – 3 оқушы;
- III орын – 2 оқушы.
Алматы қаласының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, республика бойынша бесінші жыл қатарынан 1 орынға ие болды.
Алтын медаль:
- Ли Олег - № 90 мамандандырылған мектеп-лицей;
- Шелестов Фёдор - № 165 мамандандырылған лицей;
- Ахметов Арман – Тамос Эдьюкейшн физика-математикалық мектебі.
Күміс медаль:
- Көптілеуов Қанат - №90 мамандандырылған мектеп-лицей;
- Сиргебаева Жанар - №90 мамандандырылған мектеп-лицей;
- Есентаев Мағжан - № 165 мамандандырылған лицей.
Қола медаль:
- Ақылдосұлы Бейбарыс - № 39 мамандандырылған лицей;
- Жаркимбаева Дана – № 90 мамандандырылған мектеп-лицей.
Сонымен қатар үстіміздегі жылғы қарашаның 9-10 күндері Алматы қаласында республикалық «Өзін-өзі тану» пәнінен олимпиада өтті. Оған 7-9 сыныптардан 3 оқушы (№№ 85, 111, 159 мектептерден) қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Алматы қаласының командасы екінші жыл қатарынан республикада 1-ші орынды иеленді.