Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 2018 жылғы қаңтардың 11-15 күндері аралығында математика, физика және информатикадан ХІV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Бұл зияткерлік олимпиадаға 73 команда (482 оқушы) қатысты, оның ішінде:
- 50 команда 15 шетел мемлекеттерінен, 317 қатысушы;
- 23 команда Қазақстан Республикасынан, 165 қатысушы.
Алматы қаласынан 2 мектеп және 1 құрама командаларынан 21 оқушы №№39, 134, 165, 178 лицейлерден, "Білім инновация" лицей-интернаттан, "Тамос Эдьюкейшн" физика-математикалық мектептен және "Haileybury Almaty" қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).
Алтын медаль:
- Асматуллаев Рахман, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика.
Күміс медаль:
- Цехавой Алексей, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика;
- Құсайынов Жанболат, "Білім инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, информатика;
- Билялов Шыңғыс, "Haileybury Almaty" жекеменшік мектебінің 11-сынып оқушысы, математика;
- Жолдасов Қуаныш, №39 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы, математика.
Қола медаль:
- Зиманов Алихан "Тамос Эдьюкейшн" физика-математикалық мектебінің 10-сынып оқушысы, математика;
- Шишкин Бодан, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, физика;
- Алуадин Айдын, "Білім инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, информатика;
- Шынтас Нұртас, "Білім инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, математика;
- Гаитов Рашид, "Білім инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, физика.
Аталған олимпиадаға:
- 2016 жылы 22 оқушы қатысып, оның 8-і (36%) жүлдегер болса (2 күміс, 6 қола медаль);
- 2018 жылы 21 қатысушының 10-ы (48%) жүлдегер атанды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).
Үш жылдың ішінде жүлделі орындардың саны 12 пайызға артты.