Алматы қаласында 2018 жылғы 13-16 ақпан аралығында өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 747 оқушы қатысты. Алматы қаласынан қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 45 оқушы 36 жобамен өтті.
Ғылыми жобалар конкурсы 4 бағыт бойынша жүргізілді:
- «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны»(секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);
- «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»(секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);
- «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі» (секциялар: биология, химия, қоршаған ортамен адам денсаулығын қорғау);
- «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары»(секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқықтану).
Конкурс қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрама командасы4 алтын, 9 күміс, 23 қола медальдарын иеленіп, І орынға ие болды және «Ең үздік команда-2018» сертификатымен марапатталды.
«Дарын» РҒПО-ның 20-жылдығына орай 9 оқушы грамотамен марапатталды. Жеңімпаздардың толық тізімін сілтеме бойынша ала аласыз.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналар мен мұғалімдерді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!Келешекте сәттіліктер мен жеңістер тілейміз!