Жаңартылған білім беру мазмұны аясында вариативті оқу бағдарламасын құру мен рәсімделуі бойыншаәдістемелік нұсқауларымен танысу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 2018 жылғы 20 ақпанда №5 мектеп-гимназиясының базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында вариативті оқу бағдарламасының мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар» атты оқыту семинары өткізілді.
Аталған шараның ұйымдастырушысы: Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» ғылыми-әдістемелік және инновациялық бөлімі.
Семинар тыңдаушылары: қазақ және орыс тілінде оқитын мектептері директорларының ғылыми-әдістемелік және бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары.