Алматы қалалық Білім беру басқармасы, «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ әдістемелік көмек көрсету мақсатында Алматы қаласындағы № 12 мамандандырылған гимназияда 2018 жылдың 22 ақпанында жас директорларға және тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналған «Орта білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының жүйесін жетілдіру» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты: Алматы қаласының білім беру мекемелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылды.
Семинар барысында Алматы қаласы «ҚББЖТҒӘО» директор орынбасары Темербекова М.Н. «Отбасы-мектеп» құрылымының өзара іс-қимылын жандандыру, әрбір білім беру мекемелеріндегі «Родительская гостиная» клубының жұмысын ұйымдастыру, озық тәжірибені жинақтау қажеттілігін атап өтті.
«ҚББЖТҒӘО», психолог-әдіскері Алиева Э.М, оқушы тұлғасын зерттеудің заманауи әдістерінің психологиялық ерекшеліктері туралы зерттеу жұмысымен бөлісті.
№ 12, 94, 95, 130 оқу мекемелерінің педагог-психологтары мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларының қатысуымен білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеудің нормативті-құқықтық, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі штаб және кеңес алгоритмі ұсынылды.
Семинарда «ҚББЖТҒӘО» РАТ ж Ө бөлім басшысы Акмагамбетова Р.Г білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының нәтижелілігін қамтамасыз ететін әдістемелік нұсқаулармен бөлісті.
Білім беру саласындағы аудандық білім бөлімдеріне нормативтік-құқықтық базаның құжаттар буммасы мен дискілері таратылды.