2018 жылдың 29 наурызында Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында ТМД мемлекеттерінің арнайы білім қажеттіліктері бар балаларға арналған «ТМД - біздің үлкен отбасымыз» тақырыбында II Халықаралық мәдени-білім беру форумының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Білім басқармасы.
Іс-шараға қатысушылар: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы.
I Форум өткен жылы Санкт-Петербург қаласында (Ресей) өткізілді, онда 5 елдің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасынан форумға Алматы қаласындағы аяқ-қолы кемтар балаларға арналған №2 арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Форум аясында қатысушылар үшін балалар концерті, мұғалімдердің шеберлік-сыныптары, сондай-ақ мәдени бағдарлама өткізілді.
Ағымдағы жылдың 30-31 наурызында Форумда тренингтер, мастер-класстар, дөңгелек үстел, пікірталас алаңы және басқа да шаралар өткізілді.