Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 2018 жылғы наурыз айының 15-20 күндері Атырау қаласында жаратылыстану-математика бағытында және 25-30 күндері Қостанай қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағытта жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға Алматы қаласынан 90 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 56 оқушы (62,2%) жүлдегер атанды:
- бірінші орын – 15 оқушы;
- екінші орын- 20 оқушы;
- үшінші орын – 21 оқушы.
Алматы қаласының оқушылары екі бағытта да жоғары нәтиже көрсеткені үшін Республика көлемінде 1-ші орынды жеңіп алып, «Ең үздік олимпиадалық команда-2018» атанды.
Осындай жетістікке қала оқушылары биыл 13-ші жыл қатарынан ие болып отыр.