Бұл игі істі Алматы қаласы әкімі Б.Байбек қолдап отыр. «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияда ашылып жатқан Қазақша күрестің тұсаукесерінде спорт майталмандары, гимназия жанынан құрылған «Сенім» қамқоршылық кеңесінің мүшелері қонақ болып, тілектерін ортаға салды. Салтанатты ашылуда гимназия шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды.