2018 жылдың 18 мамыр күні «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияда Алматы қаласы бойынша «Мектептегі шахмат» жобасы бойынша пилоттық мектептердің 2 сыныптары арасында турнир болып өтті. Турнирге пилоттық жобаға қамтылып отырған сыныптардың әр сыныбынан бір команда қатысты.
Турнирдің мақсаты:
- Оқушылар арасында шахматты дәріптеу
- Үздік мектеп командалары мен үздік оқытушы – тренерлерді анықтау
- «Мектептегі шахмат» бағдарламасын дамыту және оқушыларды ынталандыру.