Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 8 және 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» ЖШС бірлесе ұйымдастыруымен «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциялары өткізілді.
48 мыңнан астам ата-аналарды қамтыған конференциялар отбасылық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде білім беру мекемелерінің отбасымен өзара қатынасын жандандыру, бала тәрбиелеу барысында ата-аналарда туындайтын ең қиын сұрақтарды анықтау, балалардың жағымсыз және аутодеструктивті жүріс-тұрыстарының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Ата-аналармен қатар конференцияларға мектептердегі Қамқоршылық кеңестердің және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, білім саласының ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, депутаттар, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, БАҚ-тың өкілдері белсенді қатысты.
Іс-шаралар барысында ата-аналарға түрлі мәселелердің алдын алу және түзету бойынша әлем психологтарынан үздік ұсыныстар беріліп, отбасылық тәрбиелеуге арналған бейнефильмдер мен тұсаукесерлер көрсетілді.
Конференциялар соңында ата-аналар өзекті сұрақтар мен тақырыптар бойынша ата-аналар қауымдастығының пікірін зерделеуге бағытталған сауалнамаларды толтырды.
Сонымен бірге, Республикалық ата-аналар конференциялары 5-7 сыныптардағы оқушылардың ата-аналары үшін ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте және 2-4, 8-9 сыныптарда оқитын оқушылардың ата-аналары үшін қазан айында өткізілетін болады.