Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңа инновациялық технологиялар
2018 жылғы 20 қарашада Алматы қаласы Оқушылар сарайында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбында қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілеріне арналған презентация өткізілді.
Презентацияның негізгі мақсаты: жаңа инновациялық технологияларды мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді қолдану.
Аталған іс-шарада Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы А.Ж.Сағиева «Алматы қаласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді қолдану» тақырыбында сөз сөйледі. Сондай-ақ, ЖШС «Stand Up Innovations Kazakhstan» директоры А.Б.Есбергенов «Балаларға инновациялар, мектепке дейінгі ұйымдарға арналған интербелсенді кешендер» тақырыбында,«Астана Профил Консалтинг» IT маманы С.Д.Абжанов «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық әдістері туралы,Робототехника Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революциясына өтудің іргетасы ретінде»,«Silent Star» директоры Ә.Е.Жұман «Өскелең ұрпақтың қазақ халқының салт-дәстүріне деген жаңа көзқарасын қалыптастыратын ойыншықтар», «Новые решения» директорының орынбасары О.С.Ким «Мектепке дейінгі білім берудегі интербелсенді технологиялар мен интеллектуалдық кеңістік», ЖШС«Intellectum Almaty» директоры О.Е.Досанбай «Intellectum ойынының жүйесі- 4К дағдысын жетілдіру құралы» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жаңа инновациялық технологиялар туралы презентациялар жасады.
Презентация тақырыбына сәйкес жаңа инновациялық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, презентацияға «Алматы» және «Қазақстан» телеарналары, сонымен қатар «Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» қоғамдық-саяси газеттерінен БАҚ өкілдері қатысты.