Жетісу ауданы N148 мектеп-гимназияда 26.11.2018 күні Жетісу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруы мен және Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен еліміздің еңбасты мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында "Тұлға арқылы тәрбелеу" тақырыбында кездесу өтті.
Жетісу ауданы N148 мектеп-гимназияда 26.11.2018 күні Жетісу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруы мен және Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен еліміздің еңбасты мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында "Тұлға арқылы тәрбелеу" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге боксшы, Атланта олимпиадасының қола жүлдегері, Сидней олимпиадасының чемпионы, бірінші дәрежелі "Барыс" орденінің, "Ерен еңбегі үшін" медалінің, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, еліміздің ардақтыұлы - Ибраимов Ермахан Сағи ұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, АІВА Халықаралық бокс қауымдастығының төрешісі және техникалық комиссия мүшесі Цхвирашвили Борис Семенович, спорт шебері, АІВА халықаралық бокс қауымдастығының төрешісі, КСРО-ның еңбексіңірген бапкері Абдиналиев Серік Абдиналиевич, кәсіпкер, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі, Алматы қаласы маслихатының депутаты Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вавилин Вячеслав Дмитриевич, АІВА халықаралық бокс қауымдастығының төрешісі, техникалық комиссия мүшесі КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Сыдыков Рахимжан Нурахунович қатысты. Кездесуде N148 мектеп-гимназияның "Шолпанжұлдыздар" би тобы, "Батырлар" квартеті, "Сұңқар" тобы өнер көрсетті. Кездесуді тамашалауға N110, 118, 129, 137, 87, 112, 148 мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар ел ағаларыныңақылынтыңдап, олимпиада чемпионы Ермаханаға мен бапкерлерге өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.