Алматы қаласы Білім басқармасының Жетісу аудандық білім бөлімі және "Нұр Отан" партиясының Жетісу аудандық филиалының жоспары бойынша МКҚК 51 бөбекжай - балабақшасында Тұңғыш Президент күніне арналған "ЕЛБАСЫ - ЕЛДІҢ ТІРЕГІ" атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсатты: ҚР Тұңғыш Президенті туралы білімдерге тереңдету, бүлдіршіндерге президентіміздің өмірлік жолын мысалға ала отырып үлкендерді құрметтеуге, білімге ұмтылуға тәрбиелеу. Көшбасшы дегеніміз - басқаларды көшбасшылыққа жетелеу. Өтілген іс-шарада төмендегідей мақсаттарды аштық: балаларда азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, патриоттық және өз Отан алдындағы борышын, Отан адында қызмет етуге дайін болуы, көркем материалдарды қабылдау қабілетінің дамуы және өнердің әр түрі арқылы ырғағын сезіну: би, ән, үш тілде тақпақ оқу, мақал - мәтел айту, мәдениетмізге деген қызығушылықтарымен сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақ халқының тарихи мұрасы мен құндылықтарын Елбасының өмірлік жолы арқылы балаларды білімге, еңбекке, үлкендерді сыйлауға, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялату.