Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«№182 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тұңғыш Президент күніне өткізілген кездесуі кешінің есебі

2018жылдың қараша айының 27-сі күні 8-9-10 сыныптың оқушылары қатысқан 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Қазақтың көшін бастаған дарабоздардың дарасы» тақырыбында күйші, домбырашы, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі , «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Секен Тұрысбековпен кездесу-кеші өткізілді. Мақсаты- Елбасының ел үшін жасаған игі істерін дәріптеу. Жас ұрпақты Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу. Осы мақсатта С.Тұрысбеков ағамыз тамаша ойларымен бөлісті. «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Ұлы дала» т.б. күйлерімен көрермен көпшілікті тамаша әсерге бөледі. Мектебіміздің өнерілі оқушылары көркемсөз оқудың шебері Айзереміз «Елбасы елдің тұтқасы» өлеңін шебер оқып елді тәнті етсе, жас күйші, 8 «А» сынып оқушысы Асылжан «Көрұғлы » күйін нақышына келтіре орындап,   күйші Секен Тұрысбековтен бата алды. «Тәуелсіздік» әнін Әйгерім, «Мәңгілік Ел» әнін Дарқанқызы Дария тамаша орындады. Өнерлі оқушыларымызға өнерлерің өрге жүзе берсін деген тілек білдіреміз.

1-11 сыныптың 2517 оқушысына 92 сыныптың барлығында 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасының балалық шағы», «Елбасы елдің тірегі», «Елін бастаған Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты Елбасы еңбегін насихаттау. Еліміздің өсуі мен өркендеуі, мәдениет пен әдебиетке т.б. барлық саладағы Елбасының жасаған игі істері дәріптелді. Жас ұрпақты елін сүйетін, елін қадірлейтін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Барлық сыныптарда өткізілген сабақтар жоғары дәрежеде, жоспарлы түрде жүргізілді. «Менің балалық шағымның аспаны» көркемфильмі бастауыштың оқушылары көрді. Көптеген Елбасы туралы деректер фильмдер жоғары сыныптың оқушыларына көрсетілді. Еліміздің көшбасшысы туралы мағыналы өлеңдер жаттады. Елбасы, Тәуелсіздік туралы әндер шеруі ұйымдастырылды. Кітапханада «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында кітаптар көрмесі қойылды. Көрмедегі еңбектер оқушыларға таныстырылды.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online