Алматы қаласы Білім басқармасының Алатау аудандық білім бөліміне қарасты №179 Жалпы білім беретін мектептің
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне» арналған іс-шарасы
Осы аталған мектепте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне байланысты сыныптар арасында Ашық сынып сағаттары болып өтті.
1-4 сынып «Астана және Президент» тақырыбынды Ашық сынып сағаттарын өткізді.
5-7 сынып «Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің рөлі» тақырыбында ашық сынып сағаттарын өткізді.
8-9 сынып «Қазақстанның болашаққа ұмтылуы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді
10-11 сыныптар «Елбасымен жасампаздық жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
30.11. 2016 жылы «Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты » тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс –шарада Елбасы туралы қысқаша бейнебаяндар, баяндамалар оқылып, «Астана» туралы өлең жолдары оқылып, әндер айтылды.