№ 47 жалпы білім беретін мектеп
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні атты тақырыпта атқарылған іс-шаралар
№ 47 жалпы білім беретін мектепте 26.11.2018ж. саптүзеуде тарих пәнінің мұғалімі С.С.Сүлеев оқушыларға Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен, қызмет еткен жерлері жайында және Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, тұңғыш елбасы болғаны туралы мағлұмат берді.
Балалардың бойына Отанына, халқына, елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында: көрме, сынып сағатары, мерекелік іс-шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.