Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау ауданына қарасты № 179 жалпы білім беретін мектепте 10.01-20.02. 2019 ж аралығында «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы жоспар құрылып, акцияны ұйымдастыру құрамы бекітілді. Бұл шараға барлық сыныптағы оқушылар, ата-аналар, және мектеп ұжымы тартылуда.
Акцияның мақсаты әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Осы мақсатта «Жақсыдан шарапат» демекші, мектеп әкімшілігі тарапынан 2 оқушыны мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтамасыз етті.