«Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) І кезең – аудандық, жыл сайын сәуір айында өткізіледі; екінші кезеңге қатысуға ұсынылған конкурс жеңімпаздары анықталады.
2) ІІ кезең – қалалық, жыл сайын мамыр айында өтеді; оның нәтижесі бойынша III кезеңге қатысатын конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін аудандық комиссия Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ (мына мекен-жайға: Алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі, №62 А үй, Бөгенбай батыр көшесінің бұрышында орналасқан) папкалар мен портфолиоларды өткізеді.
Папкада төмендегі құжаттар болуы тиіс:
- өкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінім (қосымша №1);
- аудандық білім бөлімдері басшылары куәландырған Конкурсқа қатысушыға ұсыныс;
- ауданның ұйымдастырушы комитеті отырысының хаттамасынан көшірме;
- Конкурсқа қатысушы жөнінде толық ақпарат жазылған, байланыс телефоны, электронды мекен-жайы көрсетілген түйіндеме;
- жұмыс орнымен куәландырылған кадрларды тіркеу бойынша жеке іс-парағы;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Портфолиоға төмендегідей құжаттар салынады:
1. Педагогикалық қызметтің нәтижелілігін көрсететін құжаттар:
- оқушыларының соңғы үш жылдағы білім көрсеткіші;
- ОЖСБ және ҰБТ нәтижесі;
- қала деңгейіндегі олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары дипломдарының көшірмесі;
- республика деңгейіндегі олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары дипломдарының көшірмесі;
- халықаралық деңгейдегі олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары дипломдарының көшірмесі.
2. Педагогтың кәсіби құзіреттілігін дәлелдейтін құжаттар:
- біліктілігін арттыру жөніндегі куәлік, сертификаттар;
- қағаз (электронды) нұсқада инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізген сабақ жоспарлары;
- педагогтың кәсіби конкурстарға қатысқандығын көрсететін дипломдар, грамоталар.
3. Педагогтың шығармашылық және зерттеу жұмыстарын көрсететін құжаттар:
- баспа жұмыстары, мақалалар, шеберлік сабақтардың жоспарлары;
-семинарлардың, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың бағдарламалары;
- БАҚ-қа қатысқандығын растайтын анықтамалар;
- әдістемелік еңбектерінің көшірмелері;
- халықаралық және салааралық жобаларда ынтымақтастықты көрсететін анықтамалар.
4. Педагогтың кәсіби шеберлігіне және жеке тұлғасына берген бағаны анықтайтын құжаттар:
- білім беру ұйымы әкімшілігінің, әріптестерінің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, әлеуметтік серіктестердің (ата-аналардың), ғылыми, педагогикалық, шығармашыл қауым өкілдерінің пікірлері;
- әдістемелік өнімдерге пікір;
- алғыс хаттар, мақтау қағаздары, дипломдар;
5. Педагогтың қаланың, республиканың білім саласының дамуына қосқан жеке үлесін растайтын құжаттар:
- жұмыс бағыты бойынша авторлық бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің әзірлемелері;
- мемлекеттік білім беру жобаларының педагогикалық тәжірибесіне енгізген жұмыстарын растайтын анықтама;
- конкурсқа қатысушының өз педагогикалық қызметі туралы аналитикалық есебі;
- электронды тасымалдаушыдағы сабақтар (компакт-дискілер);
- «Мен – заманауи педагогпын» тақырыбында қатысушының эссесі.
3) ІІІ кезең – республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында Астана қаласында өткізіледі, оның нәтижесі бойынша конкурстың жеңімпазы анықталады.
Қосымша №1
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«Үздік педагог»
бұйрығына
«Үздік педагог» конкурсының қалалық қезеңіне қатысуға
ӨТІНІМ
Мені конкурсқа қатыстыруыңызды сұраймын. Өзім туралы төмендегідей мәлімет беремін:
1.Жұмыс орны |
|
2.Т.А.Ә. толығымен (жеке куәлікте көрсетілгендей) |
|
3Туған күні, айы, жылы |
|
4.Қызметі |
|
5.Педагогикалық еңбек өтілі |
|
6.Осы қызметтегі еңбек өтілі |
|
7.Білімі (қандай оқу орны, факультеті, қай жылы аяқтады) |
|
8.Біліктілік санаты |
|
9.Тұрғылықты мекен-жайы, индекспен бірге |
|
10.Жеке куәліктің мәліметтері (нөмірі, қашан және кім берген, ЖСН) |
|
11.Байланыс телефоны (үй, ұялы) |
|
12.Марапаттары, мадақтаулары |
|
13.Аудандық кезеңде алған орны |
Қосымша: конкурсқа қатысу үшiн құжаттар _____ парақ.
Өтiнiмнiң толтырылған күнi ________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы ___________________
Бiлiм беру ұйымы басшысының қолы __________________
М.О.