Республикалық ғылыми жобалар конкурсының
қорытындысы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 2019 жылғы ақпан айының 13-16 күндеріАлматы қаласында 9-11-сыныптар аралығындаРеспубликалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Оған барлығы 773 оқушы қатысты, соның 93-і Алматы қаласынан. Конкурстың қорытындысы бойынша 93 қатысқан оқушының 61-і жүлдегер атанды:
- I орын – 7 оқушы;
- II орын – 24 оқушы;
- III орын – 30 оқушы.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген бұл конкурстаАлматы қаласының командасы «Ең үздік команда - 2019» атанып, I орынды иеленді.
Мұндай жетістікке алматылықтар командасы 17-ші жыл қатарынан жетіп отыр.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы биыл бірінші рет он-лайн режимінде өткізілді. Конкурстың барысын бүкіл ата-аналардың, мұғалімдердің және оқушылардың көруге мүмкіндігі болды.