Алматы қаласы Білім басқармасының, Жетісу ауданына қарасты 21 мектепте «Алматы - адалдық алаңы» жобасы негізінде «Адалдық дүкені» атты дүкендер іске қосылды. Дүкеннің ашылу мақсаты жастардың арасында оңтайлы моральдық қасиеттеріндамыту, оның ішінде адалдық пен адамдық, жемқорлыққа қарсы мәдениет пен әділдік сезімін қалыптастыру болып табылады.