Барлық мектептердің назарына!
2019 жылдың 26 – 27 сәуірінде Алматы қаласында білім беру ұйымдары арасында қала әкімі кубогының робототехника және инновациялық технологиялар бойынша Алматы қаласының VI ашық чемпионаты өткізіледі (бұдан әрі – Чемпионат).
Чемпионат екі логикалық бөлімнен тұрады: Жобалар және Жарыстар. Чемпионат аясында келесі конкурстар өткізіледі:
1. «Жобалар» бөлімінде:
– Инженерлік жоба;
– Программалық жоба;
– WRO 2019(Open Category) арналған жоба (тек Алматы қаласының қатысушылары үшін).
– IT-бизнес жобасы;
– 3Dграфика және 3D модельдеу жобалары.
2. «Жарыстар» бөлімі:
– Роботтар сайысы: кең жолақ, тар жолақ, сумо, шағын-сумо, робо-кросс, андроидтық роботтардың жарысы, кегельринг;
– WRO 2019 үшін тапсырма (Regular Category): Elementary, JuniorHigh, Senior;
– WRO 2019 (WeDoCategory);
– VEX Robotics.
Сонымен қатар, Чемпионат аясында шеберлік-сабақтар және семинарлар өткізіледі.
Чемпионат өтетін орын: «Halyk Arena» мұз сарайы.
Чемпионат туралы толық ақпарат ( ережесі, өткізу тәртібі және т.б.) http://techcup.kz сайтында жарияланады.