Пресс-релиз
Алматы қаласы Білім басқармасы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі және «Қазақстандық жоба басқармасы институты» қоғамдық қоры қолдауымен 2015 жылдағы 29 қазанда ғылыми-техникалық шығармашылық және робототехника бойынша 2-ші ашық чемпионат М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде өткізілді.
Чемпионат робототехника және инженерлі-шығармашылық жоба бағыттары бойынша өтіп, аталған іс-шараға 43 команда: оның ішінде 18 мектеп, 2 колледж қатысты.