Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс

Алматы қаласы Білім басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84563 теңгеден 103782 теңгеге дейін, Д-O-3 санаты,  1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар: Білімі - жоғары білім саласында. Еңбек тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;
2) мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда еңбек өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салада еңбек өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орынынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды  аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесiнiң болуы.
Қызметтік міндеттері: Басқармаға қарасты білім беру мекемелерінің, мектен тыс білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарын дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді дайындау жобаларына қатысады; рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану, тәрбие жұмыстары жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен шараларды дайындауға қатысады; гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелерін орындауды ұйымдастырады және оны жүзеге асырады; бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білім беру мекемелерімен, басқа органдармен бірлесіп жұмыс жасайды; Білім туралы заңның қолданылуына талдау жасайды; Білім туралы заңын қолдану бойынша басшыларға, ата-аналарға, қызметкерлерге кеңес береді.  
2.Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84 563 теңгеден 103 782 теңгеге дейін, Д-О-3 санаты, 1 бірлік.
     Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары білім саласында:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  2. мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда еңбек өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салада еңбек өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  4. жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәреженің болуы.

Қызметтік міндеттері: Аудан аумағында «Білім туралы» ҚР Заңының ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі, Білім туралы заңнаманың орындалуына қатысты бақылауды жүзеге асыру. Ауданның білім беру ұйымдары бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілуіне қадағалау жүргізу, мемлекеттік білім беру мекемелері мен  кәсіпорындарында оқу-тәрбие желісін дамыту және тиімді орналастыруы бойынша шаралар қабылдайды. Аудан көлемінде мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады. Басқарма басшылығымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді орындайды. Дербес компьютермен жұмыс істей білу.
3. Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84 563 теңгеден 103 782 теңгеге дейін, Д-О-3 санаты, 1 бірлік.
     Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары білім саласында:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  2. мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда еңбек өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салада еңбек өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  4. жоғарғы оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәреженің болуы.

Қызметтік міндеттері: Аудан аумағында «Білім туралы» ҚР Заңының ұйымдастырушылық, құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі, Білім туралы заңнаманың орындалуына қатысты бақылауды жүзеге асыру. Ауданның білім беру ұйымдары бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілуіне қадағалау жүргізу, мемлекеттік білім беру мекемелері мен  кәсіпорындарында оқу-тәрбие желісін дамыту және тиімді орналастыруы бойынша шаралар қабылдайды. Аудан көлемінде мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады. Басқарма басшылығымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді орындайды. Дербес компьютермен жұмыс істей білу.
4. Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64064 теңгеден 78798 теңгеге дейін (D-O-4 санаты, 1 бірлік).
Үміткерге қойылатын талаптар: Білім немесе  гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласында білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім немесе   гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қызметтік  міндеттері: Ата-ананың қорғаншылығынсыз қалған балаларды анықтау жұмыстарын жүргізеді, олардың өмір сүру салтын, қорғаншысын анықтайды, осындай балаларға есеп жүргізеді, оларды орналастыру түрін анықтайды және бұдан кейінгі уақытта балалардың қамтамасыз етілуін, тәрбиесі мен білімін қадағалайды; қорғаншы мен қамқоршылардың қызметтерін бақылайды, олардан қорғаншылыққа алынған балалар туралы толық есеп талап етеді; ата-ана құқығынан айыру немесе шектеуге байланысты істің сотта қаралуына қатысады; кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларды балалар мекемесіне орналасуға бақылау жасайды; жалпыға бірдей міндетті оқу мәселелері бойынша білім беру мекемелерінің жүргізетін рейдтері  туралы есеп дайындайды және бақылайды. Кепілге қою, пәтерлерді сату және зейнетақы қорында жинақталған ақшаны төлеуге (анықтама) келісім  беру туралы құжаттарды рәсімдейді және осы мәселелер туралы азаматтарды қабылдайды. Басқарма басшылығымен анықталған басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Әуезов аудандық білім бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты      64064 теңгеден 78798 теңгеге дейін    Д-О-4 санаты, 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар:
Білім беру саласында білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім беру саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттері:Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту туралы заңнаманың орындалуын басқарады және бақылау жасайды. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша білім беру мекемелерімен, басқа органдармен  бірлесіп жұмыс жасайды.  Білім туралы заңның қолданылуына талдау жасайды; Білім туралы заңын қолдану бойынша басшыларға, ата-аналарға, қызметкерлерге кеңес береді.                    
6. Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы (уақытша,негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты      64064 теңгеден 78798 теңгеге дейін     Д-О-4 санаты, 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар:
Білім беру саласында білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім беру саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттері:Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту туралы заңнаманың орындалуын басқарады және бақылау жасайды. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша білім беру мекемелерімен, басқа органдармен  бірлесіп жұмыс жасайды.  Білім туралы заңның қолданылуына талдау жасайды; Білім туралы заңын қолдану бойынша басшыларға, ата-аналарға, қызметкерлерге кеңес береді.                    
7. Наурызбай аудандық білім бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64064 теңгеден 78798 теңгеге дейін D-O-4 санаты, 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар:Білім беру немесе  гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласында білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім беру немесе   гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қызметтік  міндеттері:Ата-ананың қорғаншылығынсыз қалған балаларды анықтау жұмыстарын жүргізеді, олардың өмір сүру салтын, қорғаншысын анықтайды, осындай балаларға есеп жүргізеді, оларды орналастыру түрін анықтайды және бұдан кейінгі уақытта балалардың қамтамасыз етілуін, тәрбиесі мен білімін қадағалайды; қорғаншы мен қамқоршылардың қызметтерін бақылайды, олардан қорғаншылыққа алынған балалар туралы толық есеп талап етеді; ата-ана құқығынан айыру немесе шектеуге байланысты істің сотта қаралуына қатысады; кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларды балалар мекемесіне орналасуға бақылау жасайды; жалпыға бірдей міндетті оқу мәселелері бойынша білім беру мекемелерінің жүргізетін рейдтері  туралы есеп дайындайды және бақылайды. Кепілге қою, пәтерлерді сату және зейнетақы қорында жинақталған ақшаны төлеуге (анықтама) келісім  беру туралы құжаттарды рәсімдейді және осы мәселелер туралы азаматтарды қабылдайды. Басқарма басшылығымен анықталған басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 8. Түрксіб аудандық білім бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64064 теңгеден 78798 теңгеге дейін D-O-4 санаты, 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар:Білім беру немесе  гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласында білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім беру немесе   гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қызметтік  міндеттері:Ата-ананың қорғаншылығынсыз қалған балаларды анықтау жұмыстарын жүргізеді, олардың өмір сүру салтын, қорғаншысын анықтайды, осындай балаларға есеп жүргізеді, оларды орналастыру түрін анықтайды және бұдан кейінгі уақытта балалардың қамтамасыз етілуін, тәрбиесі мен білімін қадағалайды; қорғаншы мен қамқоршылардың қызметтерін бақылайды, олардан қорғаншылыққа алынған балалар туралы толық есеп талап етеді; ата-ана құқығынан айыру немесе шектеуге байланысты істің сотта қаралуына қатысады; кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларды балалар мекемесіне орналасуға бақылау жасайды; жалпыға бірдей міндетті оқу мәселелері бойынша білім беру мекемелерінің жүргізетін рейдтері  туралы есеп дайындайды және бақылайды. Кепілге қою, пәтерлерді сату және зейнетақы қорында жинақталған ақшаны төлеуге (анықтама) келісім  беру туралы құжаттарды рәсімдейді және осы мәселелер туралы азаматтарды қабылдайды. Басқарма басшылығымен анықталған басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын,  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,  «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандауына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
D-O-3 санаты бойынша Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңын қосымша білу қажет.
Осы санат лауазымдары бойынша қызметтік міндеттерін атқару үшін өзге міндетті білімдерінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында www.anticorruption.gov.kz және Алматы қаласы Білім басқармасының www.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ресми сайтында, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Білім басқармасы, 3 қабат, 366 бөлме.  
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің  Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
D-O-3 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ); «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ); «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ); «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ); «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ); «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
D-O-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ); «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ); «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ); «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ); «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ)  Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

 

Байланыстелефондары: 8 (727)2716627; 8 (727)2622751;
Факс: 8 (727)2716509
Электрондықпоштамекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">dep@edualmaty.kz

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online